352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің Беларусьпен әріптестігі бірқатар саланы қамтыды

  • 79

Қос елдің ынтымақтастық аясындағы әріптестігі білім және ғылымнан бастау алып, ауыр өнеркәсіп саласына дейін толықтай қамтиды.

Бұған бас аяғы 100-ден аса келісім-шарт пен өзге де құжаттарға қол қойылуы дәлел бола алады. Беларус журналистерімен өткен басқосуда Ермұхамет Ертісбаев  Еуразиялық экономикалық Одақ аясында атқарылған істерге тоқталды. Жыл басынан бері екі ел арасындағы тауар айналымы  айтарлықтай артқан. Сондай-ақ жоғары және сандық технологиялар саласында әріптестік орнатып, тәжірибе алмасу жоспарда бар.

Ермұхамет Ертісбаев, Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:

- Менің басты міндетім - тауар айналымын ұлғайту. Тауар айналымы өссе, бұл қос елдің қазынасына құйылатын кіріс те артады деген сөз. Ал бюджеттік қаржы әлеуметтік саясатты іске асыруға жұмсалады. Сондықтан, біз бұл жұмысты жалғастыратын боламыз.

Экономикалық одақ шеңберіндегі әріптестіктен бөлек қазақ елшісі Ұлттық мереке - Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне ерекше тоқталды. Өйткені Беларус елінде де Ата Заң тәуелсіздік пен егемендіктің айнымас бөлігі саналады.

Хабар 24 телеарнасы