356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тимур Сүлейменов экономикалық дамудың жаңа үлгісіне қатысты пікір білдірді

  • 61
Тимур Сүлейменов экономикалық дамудың жаңа үлгісіне қатысты пікір білдірді

Сыртқы экономикалық қатерлерге қарамастан, Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бағдарын жалғастырады.

Бұл туралы осыдан санаулы уақыт бұрын ғана аяқталған баспасөз мәслихатында  Ұлттық экономика министрі мәлімдеді. Тимур Сүлейменовтің айтуынша, озық елдердің қатарына ену үшін жаңа экономикалық даму үлгісіне көшу үдерісі басталды. «Бұл үлгіге көшудің негізі 7 жүйелі өзгеріс пен 7 басым саясаттың үйлесімі», – деді министр. Бұл өзгерістер адамның, технологияның, бизнестің дамуы, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамның және мемлекеттің өркендеуі сияқты ел өмірінің барлық салаларын қамтиды.    

Хабар 24 телеарнасы