356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Қытай іскерлік қарым-қатынасты күшейте түсуге ниетті

  • 104

Қазақстан мен Қытай арадағы тауар айналымын көбейтіп, іскерлік қарым-қатынасты күшейте түсуге ниетті.

Бүгін Астанада қос елдің кәсіпкерлерінің бизнес форумы өтті. Шара «Бір белдеу, бір жол» бастамасына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Оған 400-ге жуық іскерлік өкілдері қатысып, тауар айналымын арттыру жолдарын талқылады. Аспан асты елінің делегациясын Қытай коммерция министрінің орынбасары Жэнь Хун Бин бастап келді. Форум қатысушыларына екі ел мемлекет басшылары бейнеқұттықтауларын жолдады. Онда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастар қарқынды дамып келе жатқандығы, оны әлі де дамыта түсу қажеттігі айтылған. Қытайлық компаниялар түрлі салалар бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ынталы. Атап айтқанда, азық-түлік, автоөнеркәсіп, биотехнология, медицина саласында жаңа келіссөздер жасалады деген жоспар бар.

Сапарбек Тұяқбаев, «Kаzakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы:

- Жалпы айта кететін болсақ, қазіргі таңда 51 жоба іске асырылып жатыр. Оның 4-еуі іске қосылды. 12-сінің құрылысы жүріп жатыр. Жақында ғана қол жеткізілген жобаларға келетін болсақ, ірі биотехнологиялық кластер Қытайда қол қойды. Одан басқа күн сәулесі Қазақстанда шығару қолға алынып жатыр. Бұл – төрт тарапты Франция, Қытай Ресей, қазақстандық кәсіпкерлердің біріккен жобасы. Еуроодақ бағытындағы жобалар да қолға алынып жатыр.

Айта кеткен жөн, соңғы бес жылда өзара сауда айналымы едәуір өскен. 2017 жылы екі ел арасындағы сыртқы сауда 30%-дан асып, 10 млрд 500 млн АҚШ долларына жетті. Қытайдың жоғары теxнологиялық тауарлары Қазақстан нарығына шықты. Ал Қазақстан астық импорттаушылардың төрттігіне енді. Өткен жылы табиғи газымыз алғаш рет Қытайға экспортталды. Энергетика, пайдалы қазбалар, xимия өнеркәсібі және тағы басқа салаларда ірі жобалар қолға алынды.

Десмонд Ван, қытайлық компания өкілі:

- Біздің бірқатар жобаларымыз Алматы облысында іске асырылады. Нақты жұмысқа келесі жылы кірісеміз. Біз ол жерден кен орнын ашпақпыз. Оның экологияға еш зардабы болмайды. Соңғы үлгідегі технологиямен жұмыс істейтін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы