352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейге салынған түрлі санкциялар теңге бағамына әсер ете ме?

  • 102

Экономика министрі Ресейге салынған түрлі санкциялардың теңге бағамына қалай әсер ететінін айтып берді.

Тимур Сүлейменов Батыс мемлекеттері Ресей елін қаржылық қыспаққа алғаннан кейін төл валютамыз да біршама әлсірегенін айтты. Бұл тенденция әлі де жалғасуы мүмкін екенін жасырмады. Өйткені біздің ел Ресеймен тығыз экономикалық байланыста. Алайда доллардың өсуінен Қазақстандағы азық-түлік бағасы қымбаттап кетпейді. Мұны ведомство басшысы сеніммен айтты. Өйткені халық тұтынатын тауарлардың 80 пайызы өз елімізде өндіріледі. Оның үстіне, біздегі инфляция деңгейі де қазір қалыпты жағдайда. Теңге құнсызданған күннің өзінде, инфляция мөлшері шекті межеден аспайды.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

– Біз Ресейге салынған санкцияларды үнемі өзімізге тікелей әсер ететіндей көреміз. Олар тек бағам арқылы ғана ықпалын тигізеді. Бар болғаны сол. Сондықтан алаңдаудың қажеті жоқ. Біздегі инфляция деңгейінің дәлізі 5-7 пайыз шамасында. Соңғы 8 айдың қорытындысы бойынша, қазіргі дәліз – 6 пайыз. Бәлкім жыл соңына дейін 6,7 пайызға дейін көтерілуі мүмкін. Бірақ шекті межеден аспайды.

Хабар 24 телеарнасы