359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шаруа қожалықтарына 50 пайыздық жеңілдікпен субсидия бөлінуі мүмкін

  • 103
Шаруа қожалықтарына 50 пайыздық жеңілдікпен субсидия бөлінуі мүмкін

Отандық агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті шаруа қожалықтарына 50 пайыздық жеңілдікпен субсидия бөлуі мүмкін.

Бұл туралы бүгін «Нақты егіншіліктегі инновациялық технологиялар» конференциясы барысында Премьер-министрдің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев хабарлады. Александр Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталық базасында өткен шараға Премьер-министр орынбасары Асқар Жұмағалиев, Парламент депутаттары, облыстық әкімдердің орынбасарлары мен кәсіпкерлер де қатысты. Келушілер орталық базасындағы астық жинау науқаны жұмыстарымен танысып, алқаптағы жағдайға оң баға берді.  

Хабар 24 телеарнасы