352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық шаруалар енді дәнді дақылды фьючерс келісімдері бойынша саудалауы мүмкін

  • 149

Қазақстандық шаруалар алдағы жылдары дәнді дақылды фьючерс келісімдері бойынша саудалауы мүмкін.

Арнайы заң жобасы Әділет министрлігіндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында талқыланды. Бастамашылар ауыл шаруашылығын дамыту үшін техникалық жабдықтан бөлек, заңдық тұрғыда жағдай жасалу керек деген пайымда. Айтуларынша, ауылшаруашылық өнімдерін фьючерстік келісіммен сату, диқандардың биржаға қатысып пайда табуына мүмкіндік береді. Заң жобасына Бразилия тәжірибесі үлгі ретінде алынған.

Сергей Звольский, ҚР Мәжіліс депутаты:

– Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамытып, өнімділік көрсеткішін екі жарым есеге арттыру туралы міндет қойды. Алайда ол үшін тың жүйелерді қолға алуымыз керек. Екі жыл бұрын біз дәнді дақылдарға қатысты электронды қолхат жүйесін енгіздік. Осы арқылы шаруалар өз тауарын онлайн арқылы сата алады. Енді фьючерстік келісімді жүзеге асырсақ, фермерлер үшін өте тиімді болады. Бүгіннің өзінде шетелдік трейдерлер дәнді осы жүеймен саудалауға қызығушылық танытып отыр.

Сондай-ақ ведомствоаралық отырыста «Астана халықаралық қаржы орталығы», қоғамдық кеңестерді дамыту, соғыс жағдайы мәселелері, лоторея қызметі және еңбек мәселелері туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайы талқыланды. Қоғамға қажеттілігі расталып, көпшіліктен қолдау тапқан заң жобалары Парламентке ұсынылады.

Хабар 24 телеарнасы