361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да өнеркәсіп өндірісі 30 пайызға төмендеген

  • 75
СҚО-да өнеркәсіп өндірісі 30 пайызға төмендеген

Солтүстік Қазақстан облысында машина жасау саласының қарқыны баяу.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, 4 бірдей ірі зауытта өнім көлемі азайып, 15 млрд теңгенің тапсырысы орындалмай қалған. Мәселен, бір ғана Петропавлда ауыр машина жасау зауытының өндірісі 2 есеге кеміп, 14 қана мұнай газ техникасы шығарылған. Соның салдарынан кейбір кәсіпорындар жұмысшыларын қысқартуға мәжбүр болды. Себеп әр түрлі. Бірі тассырыстың жоқтығын алға тартса, енді бірі шикізаттан таршылық көріп отыр. Осы мәселелерді шешу жолдары қарастырылып жатыр. Жалпы өндірістің құлдыруынан соңғы үш жылда жергілікті бюджетке 700 млн теңге қаржы түспеген.

Қайыргелді Женалимов, облыстық ИИД басқармасы басшысының орынбасары:

– Қазіргі уақытта кәсіпорындармен өндіріс көлемін арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтсақ, қосымша тапсырыстар алынды. Шикізат бойынша да, Украина нарығы қарастырылу үстінде. Сосын облысты дамытудың кешенді жоспары арқасында 2 зауытты жаңғырту үшін 3,3 млрд теңге бөлініп жатыр. Бұл қаржыға заманауи құрал-жабдықтар сатып алынып, өнім көлемін түрлендіруге мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы