359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысы көмірсутегі өндірісін 600 мың тоннаға дейін азайтуы мүмкін

  • 101
Қызылорда облысы көмірсутегі өндірісін 600 мың тоннаға дейін азайтуы мүмкін

Биыл Қызылорда облысында өнеркәсіп өнім көлемі 6,1 пайызға кеміген.

Оған аймақта мұнай мен уран өндіру көлемінің азаюы тікелей әсер етіп отыр. Мәселен, өңірде соңғы 5 жылда қара алтын өндіру 3,7 миллион тоннаға төмендеді. Бұл республика бойынша кемітілген мұнай көлемінің 70 пайызын құрайды. Қызылорда облысы биыл тағы көмірсутегі өндірісін 600 мың тоннаға дейін азайтуы мүмкін. Өйткені 30 жылдан бері игеріліп келе жатқан кен орындарынан шығатын мұнайдың 98 пайызы сулана бастапты. Сондай-ақ Сыр өңірінде уран өндіруді 20 пайызға төмендету жоспарланған. Бұған себеп – әлемде уран бағасының арзандауы. Дегенмен мамандар экономиканы әртараптандыру арқылы өнеркәсіп саласын серпілту шараларын жалғастыруда.

Ринат Сұлтангереев, облыстық ИИД басқармасының басшысы:

– Биыл шыны зауыты мен тампонажды цемент зауыты жобаларын өндіріске шығаратын болсақ, біздің өңірімізде өңдеу өнеркәсібінің көлемі ұлғаятын болады. Мұнай саласында мұнай көлемінің төмендеуіне байланысты сервистік компаниялар жұмыссыз қалып жатыр. Енді осы ірі жобалардың аясында жұмыссыз қалған сервистік компанияларды бағыттаймыз.

Хабар 24 телеарнасы