356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізден Иранға арпа экспорты артады

  • 112

Егін жинау науқаны кезінде өнімді тасымалдау жұмысында қиындық туындамауы тиіс. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы өнімді жеткізетін көлік тапшылығы болмайтынын айтты.

Ол  үшін трейдерлер мен жүк жөнелтушілер бірлесе жұмыс істеуі керек. Биыл қазақстандық өнімдерге сұраныс жоғары. Жыл басынан бері 5 миллион тонна астық экспортталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 88 процентке артық.

Биыл Қазақстан астығы Қара теңіз асуы мүмкін. Яғни Түркия, Италия қатты бидай түріне «құда түсіп» отыр. Оған қоса байырғы сауда серіктесіміз Әзірбайжан мен Түрікменстаннан сұраныс артқан. Мәселен, Каспий арқылы шекаралас жатқан ел 600 мың тонна астық сұратса, түрікмендер қазірдің өзінде 100 мың тоннасын сатып алған.

Сергей Мосолкин, «Астық Транс» компаниясының вице-президенті:

- Біз вагондар айналымын азайтуды жоспарлап отырмыз. Бұл диқандарға мен жүк жөнелтілушілерге пайда әкеледі. Осы орайда Қазақстан темір жолы компаниясымен  бағдарлы-топтық жіберу жобасын жүзеге асырамыз. Нәтижесінде тауар айналымы 20 пайызға көбейеді деген сенім бар.

Биыл Иранға жіберілетін арпа көлемі артпақ. Дегенмен, Қазақстан өнімінің басым бөлігі Орталық Азия, Ресей мен Ауғанстанға экспортталады. Ал соның 10 миллион тоннаға жуығы темір жол арқылы тасымалданады. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық.

Мұқан Әбдиев, Астық өндірушілер одағының мүшесі:

- Биылғы жылы сонау мамыр айынан бастап дайындалды. Алдын ала ескертіп, дайындалып, кездесу өткізіп. Тамызда Қостанайдан бастап Петропавл, Көкшетау, Қарағанды, Шымкент ең көп шоғырланған ұн өндірушілер бір айдың көлемінде барлық жерге барып.

Қазақстан темір жолы астықты жеткізудің тың тәсілдерін қолданамыз деп отыр. Мәселен, Түрікменстан арқылы Ауғанстанға тасымалдау шығынды азайтып, вагондардың елге қайтуын 2-2,5 есе азайтады. Шаруалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында алыс-шақын шетелге өнім сататындарға жеңілдетілген тарифтер қарастырылған.

Авторлары: Әсел Тұмашқызы, Ерлан Наурызбаев

Хабар 24 телеарнасы