356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейжіңде еліміздің іскерлік туризм саласындағы мүмкіндіктері таныстырылды

  • 112

Оған қытайлық және әлемдегі 400-ге жуық туристік компанияның басшылары қатысты.

Іскер топ өкілдеріне Астана мен Алматы қаласындағы халықаралық деңгейдегі, заман талабына сай алаңдар көрсетілді. Мақсат – Дубай, Шанхай, Стамбул сынды бизнес туризмі дамыған қалалардың қатарына қосылу. Бүкіләлемдік туризм және саяхаттау кеңесінің мәліметі бойынша 2017 жылы іскерлік туризм нарығындағы ақша айналымы 1 триллион доллардан асқан. Қазақстан да осы саладан өз үлесін алуға ниетті. Жалпы, Ай-Би-Ти-Эм Чайна (IBTM China) шарасы - бизнес туризмге маманданған операторларға арналған көрме алаңы. Оған еліміз тұңғыш рет қатысып отыр. Форум аясында өткен роуд-шоуға келушілерге  ұлттық тағамдар ұсынылды. Қонақтар дәстүрлі ас-судың бүгінгі заман талабына сай, әлемдік асханамен үйлестірілген түрінен дәм татты. Мәселен, іскер топ өкілдеріне шоколад дәмімен дайындалған бие сүті, шиенің шырыны қосылған манты, бекіре қазысы секілді өнімдер ұсынылды.

Гауһар Жеңісбек, «Kazakh tourism» MICE департаментінің директоры:

- Кез келген мемлекеттің экономикасы осы іскерлік туризм саласының дамуымен бірге жүреді. Қазақстанда да осы іскерлік туризм біздің туризм индустриясының ең перспективалы  бағыты болып анықталған.

Хабар 24 телеарнасы