352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Түркия елдерінің кәсіпкерлері ортақ келісімге келді

  • 104
Қазақстан мен Түркия елдерінің кәсіпкерлері ортақ келісімге келді

Қазақстан мен Түркия кәсіпкерлері 22 маңызды құжатқа қол қойып, қос мемлекет арасындағы сауда айналымын одан әрмен дамытпақ.

Өйткені биылғы жылы екі елдің алым-сатым көлемі біршама бәсеңдепті. Мәселен, «Қазақ Инвест» ұлттық компаниясы таратқан ақпарат бойынша, Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 678,4 млн долларды құраған. Бұл өткен жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда, 7,3 пайызға аз. Көрсеткіштің төмендеуіне Қазақстаннан Түркияға тасымалданатын тауар санының біршама азайғаны себеп. Алайда қос тарап бұл олқылықты жуырда толықтай жоюды көздеп отыр. 

Хабар 24 телеарнасы