356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 14 трлн теңгеден асқан

  • 139

Еліміздің қарызы ішкі жалпы өнімнің 50 пайызынан аспайды.

Ал берешектің 73 пайыздан астамы Үкіметке тиесілі. Бұл мәселе бүгін Сенатта талқыланды. Қаржы министрінің орынбасары Руслан Бекетаевтың айтуынша, қазір Қазақстанның мемлекеттік қарызы 14,2 трлн теңгені құраған. Вице-министр «бұл көрсеткіштің артуы республикалық бюджеттің жетіспеушілігімен байланысты», – дейді. Себебі соңғы жылдары республикалық бюджет дефицитпен бекітіліп келеді. Сəйкесінше, Үкімет борышының ұлғаюы заңды болып табылады.

Министрлік қарызға алынған қаржыға инфрақұрылымдық кешен мен әлеуметтік жобалар жүзеге асқанын тілге тиек етті. Қаржының 90 пайызы жол салу, жөндеу жұмыстарына жұмсалса, қалғаны денсаулық сақтау, білім беру саласына құйылды деп отыр. Ал Сенаторлар онсызда жыл сайын қазынадан қаражат бөлініп отырған салаларға неге қосымша қаржы берілетініне шүйлікті.

Руслан Бекетаев, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:

– Біз соңғы жылдары жалпы экономика өсімі қарқынының баяулағанын көріп отырмыз. Бүгінгі таңда мемлекеттік борыш көлемі орта деңгейде тұр. Қарыз индикаторлары рұқсат етілген деңгейде. 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдайға сәйкес, мемлекеттік борыш 14,2 трлн теңгені немесе ЖІӨ-нің 24,8 пайызын құрады. Қарыз жыл басынан бері 704 млрд теңгеге ұлғайған. Мемлекеттік борыштың жалпы көлемінің 73,3 пайызы – Үкімет қарызы. Ал Үкіметтің борышы 10,4 трлн теңгені немесе ЖІӨ-нің 18,2 пайызын құрайды.

Әли Бекетаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Қарызды қайтатын жерге салу керек. Қарызды өндіріске, бизнеске салу қажет. Шетелден, халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз аламыз. Соны медицина, білім саласына, жұмыс беруге саламыз. Неге біз соны қайтпайтын салаға саламыз? Соның бәрі – біздің мемлекеттік органдардың тікелей міндеті. Біз соған қаржы қараймыз. Республикалық бюджеттен қаржы береміз.

Айбатыр Жұмағұлов, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

– Қаржыландыруды қарыз арқылы бюджеттен талап ететін жағдайларда қарызға жүгінетініміз рас. Сондықтан сіз айтқандай қаржылық жоба болсын, оның міндетті түрде тиімділігі тексеріледі.

Хабар 24 телеарнасы