352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы фармацевтикалық зауыт өнімін Еуропа нарығына шығаруды көздеп отыр

  • 135
Алматыдағы фармацевтикалық зауыт өнімін Еуропа нарығына шығаруды көздеп отыр

Қазақстан – бизнес жүргізуге қолайлы ел.

Қазіргі таңда шетелдік іскер жандар бірлескен кәсіпорындар ашуға ынталы. Соның бірі – 2015 жылы Елбасының қатысуымен іске қосылған Алматы іргесіндегі қазақ-түрік әріптестігінің аясында салынған фармацевтикалық зауыт. Бүгінде әлемдік деңгейдегі ең жоғарғы ДиМПи стандартына ие өндіріс ошағының ТМД бойынша баламасы жоқ. Жақын мемлекеттерге өнімін экспорттап отырған өндірісте 240 адам еңбек етеді. Барлығы да – Қазақстан азаматтары. Бауырлас екі мемлекеттің іскерлері бірлесіп құрған кәсіпорын Қазақстандағы фармацевтикалық саладағы толық тізбекті қызмет көрсететін құрылым саналады. Мұнда қант диабеті, туберкулез, ВИЧ, жүрек-қан тамырлары, жүйке ауруларына қажет дәрілер шығарылады. 2,5 мың гектар аумақта орналасқан зауыт өнімінің 30% импорт болса, 5% экспортқа негізделген. Бүгінде құрылым Қазақстанда жасалған өнімді Еуропалық нарыққа шығаруды көздеп отыр.

Зиатхан Гасанов, зауыттың бас директоры:

– Біз жыл сайын миллиондаған доллар көлемінде қосымша инвестициялар бөліп, жаңа құрал жабдықтар сатып аламыз. Әрі үнемі технологиялық жаңалықтарды өндіріске енгізіп отырамыз. Біздің зауытта Италия, Германия, Жапония сыңды елдердің озық үлгідегі құралдары орнатылған. Өндіріс сапасына жауап беретін әрбір қызметкеріміз жылына 3-4 рет шетелде біліктілігін арттырып келеді.

Хабар 24 телеарнасы