ХВҚ пандемия кезінде пайда көрген компанияларға салық салуды ұсынды

ХВҚ пандемия кезінде пайда көрген компанияларға салық салуды ұсынды

Халықаралық валюта қоры коронавирус індеті кезінде пайдаға кенелген компанияларға салық салуды ұсынды.

Ұйым өкілдерінің пікірінше қолдау салығы дағдарыстан зардап шеккендерге жанашырылықты күшейтіп, қоғамдағы теңсіздікпен күресуге көмектеседі. Мамандар сондай-ақ уақытша шара мемлекеттердің бюджетін толтыруға септігін тигізетінін де айтады. Мысал ретінде әртүрлі кездерде бай адамдарға салықтар енгізген Германия, Австралия және Жапония елдерін келтіреді.