Азиядағы дамушы елдер экономикасы жанданады

Азиядағы дамушы елдер экономикасы жанданады

Биыл Азиядағы дамушы елдер экономикасы жанданып, өсім 7,3 процентті құрауы мүмкін.

Азия даму банкі Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 45 елге қатысты осындай болжам жасап отыр. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,5 процентке артық. Сарапшылар, әсіресе Оңтүстік Азия аймағы елдерінің экономикасы жылдам көтеріледі деген пікірде.

Алайда экономиканың жандануына коронавирус індетінің қайта өршуі тұсау болуы ықтимал. Мамандар осылай дейді.

Айта кетейік, Азияда коронавирусты жұқтырғандар саны 150 миллионға таяп қалған.