Табиғи газ өндірісі бір жылда 9% азайды

Табиғи газ өндірісі бір жылда 9% азайды

2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында елімізде 14 млрд текше метр табиғи газ өндірілді.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,5% аз, деп хабарлады energyprom.kz. Былтыр осы кезеңде газ өндірісі 15,3 млрд текше метрді құрап, бір жылдық өсім 4,3% құраған.

Өндірістің негізгі бөлігі дәстүрлі түрде екі аймаққа – Атырау облысы (6 млрд текше метр) және Батыс Қазақстан облысына (5,5 млрд текше метр) тиесілі болды.

Ақшалай есептегенде өндіріс көлемі 60,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 32% аз.