Биыл елдің жалпы ішкі өнімі 3,1 процентті құрайды

Биыл елдің жалпы ішкі өнімі 3,1 процентті құрайды

Болжам әлемдік экономиканың қайта еңсе тіктеуіне байланысты жасалып отыр.

Бұл туралы бүгін Мәжілісте Ұлттық экономика министрі айтты. Әсет Ерғалиев «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасына енгізілген өзгерістерді таныстырды. Ведомство басшысының сөзіне сенсек, бірқатар салада өсім болады. Өндіріс, өңдеу секторы және құрылыс жандануы тиіс. Бірақ депутаттар құрылыс саласында атқарылған жұмыстарға халықтың көңілі толмайтынын айтты. Бюджеттен қаржы бөлінгенімен, игерілу жағы кемшін. Әрі сапа да көңіл көншітпейді. Сондай-ақ мәжілісмендер ұлттық экономикаға қатысты айтылған болжамдарды нақты іспен жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Себебі елдің әлеуеті құр санмен өлшенбейді, олардың өмір сүруіне тікелей әсер ететін жұмыстар атқарылуы тиіс деді палата өкілдері.