Қазақстан мен Беларусьтің тауар айналымы 175 млн доллардан асты

Қаңтар-наурыз айларында Қазақстан мен Беларусь арасындағы екі жақты тауар айналымы 175 миллион доллардан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 12 процентке артық. Үкімет басшысы Асқар Мамин Беларусь премьер-министрі Роман Головченкомен Минскіде кездесіп, сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика және агроөнеркәсіп салаларында ынтымақтастық орнату жайын талқылады. Сондай-ақ фармацевтика мен денсаулық сақтау секторларындағы әріптестікті дамыту жайы сөз болды. Кездесуде ТМД мен Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.