Мемлекеттің қарызы межеден асып кеткен

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бекітілген межеден асып барады.

Есеп комитетінің басшысы Наталия Годунованың айтуынша, қарыз жылдан-жылға көбейіп барады. Бүгінде ол жалпы ішкі өнім көрсеткішінің 29,4 процентіне тең. Негізі 27 проценттен аспауы шарт. Оның үстіне былтыр Ұлттық қорға түскен қаржының 96 проценті қайта жарап кетті. Тіпті Ұлттық қорға жетпей, тікелей бюджетке аударылған жағдайлар да болды. Осының барлығы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында талқыланды.

Кіші палатаның спикері Нұрлан Нығматулин Үкімет мүшелеріне Ұлттық қордан қарызға ақша алуды азайтып, экономикалық өсімді қамтамасыз ететін нақты қадам жасауды тапсырды. Тіпті қарызды негізсіз алып, тиімді жарата алмаған органның бірінші басшыларын жауапқа тарту бойынша заң жобасы әзірленіп жатқанын ескертті.