Елбасы «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы мен «Лукойл» президентін қабылдады

Елбасы «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы мен «Лукойл» президентін қабылдады
Ақорда

«Лукойл» компаниясы Каспий теңізін игеруге арналған бірқатар жобаны жүзеге асыруға қатысады.

Бұл туралы кәсіпорын президенті Вагит Алекперов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде айтты. Компания Қазақстан экономикасына құятын инвестиция көлемін ұлғайтады.

«Лукойл» – елдегі ең ірі инвестициялық компанияның бірі. «Теңіз», «Қарашығанақ» кен орындарын игеруге атсалысады. Сондай-ақ «Каспий құбыр консорциумы» инфрақұрылымдық жобасына қатысады. Кездесуде тараптар мұнай-газ және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру саласындағы әріптестік жайын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПрезидентіЕлбасы:

- Мы работаем давно. Компания ваша давнейший инвестор в Казахстане. В крупнейших месторождениях и в Тенгизе, в Карачыганаке в Западном Казахстане.

Вагит Алекперов, «Лукойл» компаниясының президенті:

- Зауыт клиенттердің тапсырысы бойынша жағармайлардың 800 түрін шығарады. Оның ішінде трансформатор майлары да бар. 2023 жылы зауыт толық қуатына көшеді деп сенеміз. Біз мұнай барлау ісіне жаңа инвестициялар салуға әзірміз. Қазір «Жеңісте» барлау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.