Қазақстан мен Қытайинвестициялық ынтымақтастық барысын талқылады

Қазақстан мен Қытайинвестициялық ынтымақтастық барысын талқылады

Бейжіңде Қазақстан мен Қытайдың тау-кен өндірісі саласындағы инвестициялық ынтымақтастық барысы талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дөңгелек үстел Қазақстан-Қытай Іскер кеңесі шеңберінде өтті. Бұл құрылымды «Самұрық-Қазына» қоры мен Қытайдың халықаралық саудаға қолдау комитеті жүзеге асырған. Кездесуде Қазақстан делегациясы қытайлық әріптестерін кенді барлау, шығару, байыту және терең өндіру жобаларымен таныстырды. Шетелдік инвесторларға берілетін жеңілдітер мен артықшылықтарға тоқталды. Ал Қытай тарапы ынтымақтастықтың түрлі жолдарын ұсынып, шетелдерде жүзеге асырып жатқан жобаларымен таныстырды.

Цзя Минсин, Қытай түрлі-түсті металлургия қауымдастығының бас хатшысы:

- Қытай көп жылдан бері түрлі-түсті металлургияны дамытып келеді. Қазіргі таңда біз кен барлау, өндіру, құю және байыту технологиясы мен құрал-жабдықтары бойынша әлемде бірінші орынды иеленеміз. Сондықтан екі елдің бір-бірінен үйренері көп.