Қазақстанда цемент импортына қайта рұқсат берілді

Қазақстанда цемент импортына қайта рұқсат берілді

Тиісті ведомство шығарған шешім бүгіннен бастап күшіне енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар бұл елдегі шикізат тапшылығын жойып, сәйкесінше, шарықтап кеткен бағаны ауыздықтауға септеседі деп болжайды.

Айта кетейік, бұған дейін елде цементті шеттен жекізуге тыйым салынып келген. Мұндай қадам отандық өндірушілерді қолдау үшін жасалған. Алайда кейінгі айларда нарықта аталған шикізат түрінің жетіспеушілігі қатты сезіліп, құрылыс саласына кері әсер етті.