«Астана» мен «Каспий» ойыны дауға ұласты

«Астана» мен «Каспий» ойыны дауға ұласты

Қарымта матч дауға ұласты. Футболдан Қазақстан кубогінің ширек финалы өтіп жатыр. Оның аясында «Астана» мен «Каспий» командалары жолыққан.

Ақтау қаласында өткен матч о бастан жайсыз болды. 3-минутта «Каспий» сапындағы Алексей Залеский алаңнан қуылды. Бұл отандық футбол тарихындағы өзіндік рекорд. Яғни қызыл қағаз тым жылдам берілді. Ал ойының өзі тең дәрежеде өтті. Негізгі уақытта бірде-бір гол соғылмады. Ал, қосымша уақытта, яғни, 116-шы минутта Исламбек Куат мергендігімен көзге түсіп, өз командасына жеңіс сыйлады. Осылайша қос ойын қорытындысы бойынша 1 ұпай айырмашылығымен «Астана» жартылай финалға өтті. Оған паралель матчта «Тобыл» «Қызылжарды» жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Ширек финалға шыққан қалған командалар 27 қазанда өзара мықтыны анықтақтайды. Қазақстан Кубогінің жалпы қорытындысы қарашаның соңында белгілі болады.