ҚР ҰЭМ: Жыл басынан бері экспорт көлемі 43,3 млрд долларды құрады

ҚР ҰЭМ: Жыл басынан бері экспорт көлемі 43,3 млрд долларды құрады
Zakon.kz

Бүгін премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсер Ерғалиев 2021 жылғы қаңтар-қазандағы ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндады.

«Ағымдағы жылғы қаңтар-қазанда Қазақстан экономикасы 3,5%-ке өсуді көрсетті. Нақты сектордағы өсу 2,9%. Қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік 3,4%-ке жоғарылады», - деді Әсет Ерғалиев.

2021 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша көрсетілетін қызмет саласының өсуі, экономиканың өсуі мен тұрақтылығының драйвері ретінде өңдеу өнеркәсібі мен құрылыстың сақталуы, экспорттың және өндіруші емес саладағы инвестициялық белсенділіктің өсу жоғарылығы байқалады.

Инвестицияларға келсек, олардың негізгі капиталдағы өсуі кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, 14%-ті құрады. Құрылыста 2,2 есе, өңдеуші өнеркәсіп 78,6%, ауыл шаруашылығы 41,9%, сауда 31,4%, жылжымайтын мүлік операциялары 17,4%, қаржылық қызмет 12,1% жоғары көрсеткіш орын алды.

ҰЭМ басшысы хабарлағандай, қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда айналымы 72,8 млрд долларды, экспорт 43,3 млрд долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауар экспорты 25,5%-ке, 14 млрд долларға дейін өссе, тауар импорты 29,5 млрд доллар. Осылайша, оң сауда балансы 13,8 млрд доллар деңгейінде қамтамасыз етілді.

Өңдеуші өнеркәсіп орнықты өсу үрдісін сақтауда. Өндіріс көлемі 5,3%-ке өсті.

2021 жылғы 10 айда орындалған құрылыс жұмысы көлемі 7,6%-ке артты. 11,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауыл шаруашылығы көлемі 2,3%-ке өсті.

Ұлттық экономика министрлігі басшысы орталық және жергілікті атқарушы органдар агроөнеркәсіп кешеніндегі жоспарланған іске асыру көлемін қамтамасыз етуге, құрылыс саласындағы маусымды уақытылы аяқтауға, Инфляцияға қарсы ден қою шаралары кешенін тиімді іске асыруға, халықты вакцинациялау және ревакцинациялауға назар аударуы қажеттігін атап көрсетті.

Сонымен қатар кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау шараларын уақтылы көрсету, тұрақты жұмыспен қамту үлесін ұлғайту, нақты секторда өндірістің жоғары қарқынын сақтау және өнімді экспортқа шығаруды белсенді ынталандыру басымдыққа ие.