Қазақстан биржасында бензин бағасы шарықтады

Қазақстан биржасында бензин бағасы шарықтады

Қазақстан биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесінде бензин құны шарықтады.

Елдегі 3 мұнай өңдеу зауытында АИ-92 жанармайының бір тоннасы 4 мың теңгеге қымбаттаған. Осылайша Атырау мұнай өңдеу кәсіпорнындағы баға 198 276 теңге, Шымкентте - 213 004, ал Павлодардағы баға 215 000 теңге болып белгіленді.