«EXPO 2020 Dubai»: Қазақстан туы көтерілді

Премьер-Министр Асқар Мамин Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барып, дүниежүзілік көрмедегі Қазақстанның ұлттық күні аясындағы шараға қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Еxpo 2020 Dubai» көрмесінде Қазақстан байрағы көтерілді. Сауда-инвестициялық форумда Үкімет басшысы Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынас сапалы жаңа деңгейге көтерілгенін сөз етті. Премьер-Министр «Еxpo 2020 Dubai» көрмесінің тақырыптық павильондарын аралап, сол елдің жетекші компанияларының басшыларымен келіссөз жүргізді.

Мадияр Меңілбеков, Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі төтенше және өкілетті елшісі