Бүлік кезінде қираған нысандардың шығыны өтеледі

Бүлік кезінде қираған нысандардың шығыны өтеледі

Бүлік кезінде қиратылған нысандар қалпына келтіріліп, шығын өтеледі.

Әзірге шығындардың көлемі нақтыланып жатыр. Тізімге енген барлық ғимарат бойынша техникалық-сараптамалық тексеру жүргізіледі. Бұл жөнінде арнайы құрылған мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. Әкімдіктердің жедел деректері бойынша 8 өңірде 53 мемлекеттік нысан зардап шеккен. Ал«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының дерегінше, 1 мың 300-ден астам бизнес нысанына залал келген.