«Самұрық-Қазынаның» қарызы 7,5 трлн теңгеден асады 

«Самұрық-Қазынаның» қарызы 7,5 трлн теңгеден асады 

«Самұрық-Қазынаның» бюджетке бергенінен, алғаны көп. Мәжіліс отырысында депутат Аманжан Жамалов адам шошырлық деректер айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөзіне сенсек, қордың қазіргі қарызы 7 жарым трлн теңгеден асады. Бұл шамамен 18 млрд доллар. Мәжіліс депутаты қордың жұмысын мұқият тексеру қажеттігін айтып отыр. Сосын «Самұрықтың» байлығын елге таратып беру керек деген ұсынысқа да пікір білдірді.

Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Осы күні қордағы қаржыны әрбір адамға үлестіріп беру туралы ұсыныстар айтылып жатыр. Бір қарағанда, жақсы идея. Бірақ есептей келе, «Самұрық-қазынаның» қазіргі қаржылық жағдайындағы мұндай үлестен түсетін табыс айына бір адамға небәрі 500 теңгені құрайды. Сол себепті шу көтергенше, қордың неліктен бұлай тиімсіз болып қалғанын жіті зерттеу керек.