Маңғыстау облысында жаңа мұнай шоғыры табылды

Бұл туралы «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Хабар 24.

Маңғыстау облысындағы Өзен кен орнынан жаңа мұнай шоғыры табылды. Енді өндірілетін мұнай көлемі 40 миллион тоннаға артады дейді компания өкілдері. Бұл өз кезегінде экономикалық көрсеткіштерге оң әсер етеді.

Айта кетейік, Өзен кен орнындағы барлау жұмыстары 2017 жылы басталған. 4 жылдың ішінде сейсмобарлау түсірілімі жүргізіліп, геологиялық концепция қайта қаралған.