Үкімет басшысы «ЛУКОЙЛ» басшысымен Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды талқылады

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ президенті Вагит Алекперовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Тараптар көмірсутек шикізатын барлау, өндіру және тасымалдау, сондай-ақ мұнай және газ өңдеу салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудың жай-күйі мен перспективасын талқылады.

Қолданылған материалдарға міндетті түрде primeminister.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс. Қарашығанақ жобасын әрі қарай дамытуға, «Қаламқас теңіз» және «Хазар», «Хвалынское», «Орталық», «Жеңіс» және «Әл-Фараби» («1-Р-2») жобаларын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Ә. Смайылов «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ-тың тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі, кадрлардағы жергілікті қамтуды барынша пайдалануының, сондай-ақ ҚР аумағында жобаларды іске асыру кезінде заманауи экологиялық таза технологияларды қолдануының маңыздылығын атап өтті.