Елде шикі газдың бағасы 2024 жылға дейін қымбаттамайды

2024 жылдың 1 қаңтарына дейін шикі газ бағасы былтырғы деңгейде сақталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр осылай деді. Бұған қоса, ішкі нарық қосымша 150 мың тонна сұйытылған отынмен қамтамасыз етіледі. Әлихан Смайылов сондай-ақ автонесиелендіру бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінетінін айтты. Мұндай жеңілдік отандық эконом санаттағы темір тұлпарларға ғана қарастырылған.