Әлихан Смайылов – «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы

Әлихан Смайылов – «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметі

Жалғыз акционердің шешіміне сәйкес «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды.

Қазіргі уақытта директорлар кеңесінің құрамы мынадай:

Смайылов Әлихан Асханұлы – директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының премьер-министрі;

Скляр Роман Васильевич – директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;

Сүлейменов Тимур Мұратұлы – директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары;

Қуантыров Әлібек Сәкенұлы – директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі;

Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы – директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы – директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының қаржы министрі;

Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлы – директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі;

Клаус Мангольд – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

Томас Миров – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

Филип Йео – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

Директорлар кеңесі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының жарғысында жалғыз акционер – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және атқарушы орган – холдинг басқармасының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, холдинг қызметіне жалпы басшылық етеді.

Ақпарат көзі: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ