Елімізде ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін субсидия екі есе көбеймек

Елімізде ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін субсидия екі есе көбеймек

Салаға жауапты ведомства басшысы осы мақсатта үкіметтен қосымша 70 миллиард теңге сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Министрлер кабинеті ұсынысты есептеп жатыр. Әрине субсидияны беру тәртібі өзгереді. Қаржы алған шаруаларға нақты міндет қойылады. Мәселен, 100 малдан кем дегенде 80 төл алу керек. Оның асыл тұқымды екені арнайы тексеріледі. Егін шаруашылығында да осындай міндеттер бар.

Айта кетейік, елде соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығын дамытуға 2 триллион теңге бөлінген. Алайда бұл салада ауыз толтырып айтарлық нәтиже жоқ. Қаржы шаруаға жетпей, орта жолда талан-таражға түседі. Мәжілістің бір топ депутаты кеше осындай сын айтты. Олар агроөнеркәсіп кешеніне берілетін субсидияны жоқ дегенде 2-3 есеге көбейтіп, мал шаруашылығын дамыту бағытында ұлттық жоспар әзірлеу керек екенін атап өтті.