А.Күрішбаев: Аграрлық сала толық қаржыландырылмай отыр

А.Күрішбаев: Аграрлық сала толық қаржыландырылмай отыр

Сенатор Ақылбек Күрішбаев бүгін өткен Парламент Сенатының отырысында Үкіметке осылай депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды «Хабар

Оның айтуынша, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға өткен 4 жылда 2 млрд теңге бөлу жоспарланған. Алайда іс жүзінде тек 1,6 млрд теңге ғана жұмсалыпты. Осыны алға тартқан депутат  мемлекеттік бағдарламалар толық көлемде іске аспайтынын алға тартты. Ал бұл мәселені шешетін тиісті министрлік өз қызметін толық орындай алмай отыр, деп шағымданды. Депутат сонымен қатар фермерлерді егін егу науқанына дайындау мәселесін де қозғады. Оның айтуынша, өткен жылғы құрғақшылық агробизнеске едәуір әсер етті. Ал өнімдерді экспорттауға тыйым салу және квоталарды енгізу шаруалардың табысын шектеп тастады – дейді. Сондай-ақ биыл көптеген ауылшаруашылық тауар өндірушілері егістіктерде қар тоқтату шарасын ұйымдастыра алмады, бұл мәселелер көктемде топырақтың ылғалдығына кері әсерін тигізетіні анық. Сондықтан биыл ерте бастан қамданған жөн екендігін жеткізді.