Қазақ-Қытай шекарасында жүк тасымалы тарифі төмендейді   

Қазақ-Қытай шекарасында жүк тасымалы тарифі төмендейді   

Екі ел шекарасындағы автокөлік кептелісі 10 күннің ішінде шешімін табады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы  Премьер-Министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Алматыға жұмыс сапары кезінде айтылды. Бақыт Сұлтанов  «Нұр жолы» өткізу бекеті мен «Қорғас – Шығыс қақпасы»  және «Қорғас» халықаралық шекара-маңы ынтымақтастығы орталығына барды. Онда жүк тасымалдаудың бірыңғай электрондық кезегін ұйымдастыру әдістері талқыланды. Жеке операторларды алып тастау есебінен тасымалдау құнын едәуір қысқарту мәселесі де сөз болды.