Қазақстан қор биржасында 159 жарым млн доллар сатылды

Бүгін Қазақстан қор биржасында небәрі жарты сағатқа созылған доллар саудасы бойынша 30 келісім-шарт жасалды.

Жалпы көлемі 195 миллион 500 мың доллар сатылды. Ал Ұлттық банк 98 миллион доллардан астам интервенция жасаған. Сондай-ақ KASE-нің бүгінгі жұмысы әдеттегіден кешігіп, сағат үште басталды. Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті. Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ доллары 28 теңгеге көтеріліп, 495 теңгеге жетті. Қазақстан қор биржасының мәліметінше, Ресей рубліне сұраныс күрт төмендеген.

Наталья Хорошевская, «Қазақстан қор биржасы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

- Қазақстан қор биржасындағы доллар саудасы күндізгі сағат үштен үш жарымға дейін болды. Доллар саудасы франкфурттық аукцион негізінде жүргізілді. Бәссаудаға қатысушылар долларды сатып немесе сатып алып, болмаса өтініштерін кері қайтара алады. Ал қалған валюталар мен құнды қағаздар саудасы штатты режимде саудалануда.