«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Самұрық-Энерго» және «ҚТЖ» компанияларының басшылығына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «Самұрық-Энерго» және «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниялары басшылығы жеке компаниялардан пайда алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп күдікке ілікті.

Осы факт бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мемлекетке аса ірі мөлшерде 3 млрд 800 млн теңге көлемінде залал келтірілді. Өзге ақпарат тергеу толық аяқталғанға дейін жария етілмейді.