Елімізде баламалы қуат көзін дамыту қолға алынды

Енді баламалы энергетиканы дамыту бойынша жаңа заң әзірленіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы арқылы экологиялық таза энергия көздерін дамыту көзделіп отыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді. Премьер-Министр инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Әлихан Смайылов Қазақстанның 2025 жылға дейінгі инвестициялық саясатының жаңа тұжырымдамасы ESG және жасыл экономика қағидаттарын сақтауға негізделетінін айтты.