Әлемдік онлайн платформаларға биыл 70 отандық өндіруші қосылады

Әлемдік онлайн платформаларға биыл 70 отандық өндіруші қосылады

Қазір 150 кәсіпкер өз өнімдерін Қытай, Македония, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Еуразиялық экономикалық одақ және Орталық Азия елдеріне сатып отыр. Осы күнге дейін 126 млн доллардың өнімі шетел асты. Бұл тауардың дені Ресей аумағы арқылы тасымалданады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазтрейд» мамандары транзит кезінде кедергілер барын мойындады. Бірақ әр жағдай жедел штаб аясында талқыланып, шешіледі. Жалпы былтыр тауарлар мен қызметтерді сатып алу бойынша 53 млн транзакция жасалды. Оның жалпы сомасы 473 млрд теңгеге тең. Осы онлайн сауданың кемшілігі де жоқ емес. Мысалы, өткен жылы тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне 25 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Оның 5 проценті осы электронды саудаға қатысты. Тауарын онлайн сатқандардың 13 проценті тұтынушыны алдап сан соқтырса, 17 проценті сапасыз өнім ұсынған.

Өмірбек Жұмабеков, тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің сарапшысы:

– 2020 жылға қарағанда 20 мың өтініш қарастырылды комитетпен. Жыл сайын көбейіп бара жатыр өтініштер. Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті аумақтың департаменттермен 2021 жылы тұтынушыларға 363 млн теңгеге жуық ақша қайтарылды.