Құрылыс заттары қымбаттай береді

Құрылыс заттары қымбаттай береді

Қымбатшылық құрылыс саласын да жайлап барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндағы әділ бәсекелестікті қорғай алмасақ, бағаны ұстап тұра алмаймыз. Тұрғын үй мен құрылыс заттарының құны ай сайын 5 процентке өсіп отыруы мүмкін. Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев осылай дейді. Ол бастаған бірқатар белсенді баспана қолжетімділігі үшін жалпыға ортақ жеңілдетілген несие ұсыну керектігін айтады. Сондай-ақ отандық индустрияны қолдаудың жаңа тетіктері қажет. Өйткені соңғы жылдары құрылыс материалдарына жыл сайын шамамен 2 млрд 600 млн доллар жұмсалып, оның кем дегенде жартысы шетелге кетіп отырған дейді бірлестік өкілдері.

Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы:

- Біздің Қазақстанның өзінде шығарылған құрылыс заттары қымбаттап жатыр. Қабырға өңдейтін материалдар 5-6 пайызға қымбаттап жатыр. Цементтің өзі 5-6 пайызға қымбаттап жатыр. Газоблоктың өзі қымбаттап жатыр.

Уәлихан Нысанов, Қазақстан құрылысшылар одағы қостанайдағы филиалының директоры:

- Баспана қолжетімді болу үшін бізге керегі пайыздық мөлшерлемеміз банкте 5 проценттей болғаны жақсы. 5-7 процент аралығында. Алғашқы жарна 20 процент болса, кішкене қолжетімді болар еді.