Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» компаниясының төрағасы болып тағайындалды

Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» компаниясының төрағасы болып тағайындалды
Total.kz

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті.

Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада туған. 1999 жылы «Тұран» университетін «халықаралық экономист» мамандығы бойынша, 2003 жылы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «халықаралық экономист» мамандығы бойынша, сондай-ақ Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің «мұнай-газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітірген. АҚШ-та және Малайзияда тағылымдамадан өткен.

2001-2004 жылдары Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында MIDrillingFluidsInternational (Schlumberger) компаниясының бұрғылау ерітінділері бойынша инженері.

2004 - 2007 жылдары «MIDrillingFluidsInternational» компаниясының Ақтау қаласындағы филиалында бизнесті дамыту бойынша менеджер, өндіріс бойынша менеджер, филиал басшысы.

2007-2010 жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «ТеңізСервис» ЖШС Бас директоры.

2010-2012 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның басқарушы директоры.

2012-2013 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары.

2013-2014 жылдары – ҚР Мұнай және газ вице-министрі.

2014-2019 жылдары – ҚР Энергетика вице-министрі.

2019-2021 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

2021-2022 жылдары – ҚР Энергетика министрі. 2022 жылғы қаңтардан бастап ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. 

Бұған дейін М.Мырзағалиевтің ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылғанын хабарлағанбыз.