2025 жылға дейін 2 млн астам жұмыс орыны ашылады

2025 жылға дейін 2 млн астам жұмыс орыны ашылады

2025  жылға дейін 1,1 млн астам қызметкердің еңбекақысы көтеріледі. 

Мұның ішінде бюджет саласының 850 мыңнан аса қызметкерінің лауазымдық айлығы ұлғаймақ.

Сенаттың жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов дәрігерлердің жалақысы 320 мыңнан 531 мың теңгеге, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 173 мыңнан 250 мың теңгеге өсетінін айтты. Осы тұрғыда халықтың әл-ауқатын көтеруге арналған жаңа бағдарлама әзірленіп, іске қосылды. Ол жаңа экономикалық өсуге арналған. Азаматтардың жұмысқа орналасуына жағдай жасау, сондай-ақ жаңа дағдылар мен кәсіпке баулитын жанама шаралардан құралған. Сонымен қатар экономиканың түрлі салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 2025 жылға дейін 2 млн астам жаңа жұмыс орыны құрылады.