Ұлттық қордан ақша алу жиілеп кеткен

Бюджеттен бөлінген қаражат жетпей қалды деу нонсенс. Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Мәжіліс отырысында осылай деді.

Оның сөзінше, әр 3 жыл сайын бекітілетін бюджет жыл да қайта қаралады. Соның өзінде жыл басында бөлінген ақша жыл бітпей жатып жетпей қалады. Көбіне министрліктер қосымша қаржы сұратады. Ендігі бір қызығы, ақшаны алуын алып алған әлгі ведомстволар сол қаражаттың көбін жыл соңында игере алмай жатады. Бұдан бөлек Ұлттық қордан ақша алу жағдайы да жиілеп кеткен. Ол қаражаттың 64 проценті зейнетақы, жәрдемақы төлеуге, онан соң түрмедегілерді асырауға жұмсалады.

Наталья Годунова, ҚР Есеп комитетінің төрағасы:

- Біз ұлттық қордан бөлінген ақшаның қалай жұмсалып жатқанын тексердік. 20 жобаға аудит жасалды. Тыңғылықты зерттей келе тек 7 жобаның жүзеге асып жатқанын анықтадық. Қалғанына қаржы мақсатсыз жұмсалған.