Ұлттық қордың қаржысы тиімсіз жұмсалған

Былтыр Ұлттық қордан бөлінген қаржының 55,7 проценті тиімсіз жұмсалған.

Сенат депутаты Сергей Карплюк осылай деді. Ол 2,3 млрд теңге сотталғандардың қажеттіліктеріне, 315 млн теңге мәдени нысан салуға, өзге мемлекеттерге мәдени іс-шара өткізу үшін 2 жарым млрд теңге бөлінгенін тілге тиек етті. Ең қызығы, қолданыстағы заңда Ұлттық қор қаржысын мұндай жобаларға бөлуге тыйым салынған.