Ұлттық банк: теңгенің құбылуы – қалыпты жағдай

Ұлттық банк осылай мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Инфляция және геосаяси тұрақсыздықпен күрес – әлем елдерінің валютасын қыспаққа алды. Әсіресе доллардың нығаюы, энергия көздерінің арзандауы, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалының қызметін тоқтата тұруы теңге бағамына ықпал етеді», – делінген ресми хабарламада.

Нұржан Тұрсынханов, Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаменті директоры:

– Бізде еркін курс болғандықтан теңгенің құбылуы нарықтағы қалыпты жағдай. Шілдеде Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ. Бірақ қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін бағам шамадан тыс құбылған кезде Ұлттық банк валюта сауда-саттығына араласу құқығына ие.