Елімізде қант қызылшасын егу көлемі ұлғайтылады

Елімізде қант қызылшасын егу көлемі ұлғайтылады

Елімізде қант қызылшасын егу көлемі 60 мың гектарға дейін ұлғайтылмақ.

Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілқайыр Тамабек Жамбыл облысының фермерлермен кездесу барысында осылай деді. Жиында аграрлық өндірістік кешенді дамыту мәселелері мен күзгі дала жұмыстарының барысы талқыланды. Қазір оңтүстік өңірлерінде ауыл шаруашылығы дақылдарын сумен қамтамасыз ету оңай болмай тұр. Бұған қоса фермерлерді техникалық құралмен жабдықтау қиындықтары тағы бар. Сондықтан вице-министр шаруалардың мәселелері  мен ұсыныстарын назарға ала отырып, қант өндірісін жаңғырту жоспарын пысықтады.