Қазақстан Еуроодақпен ынтымағын дамытуға мүдделі

Қазақстан Еуроодақпен ынтымағын дамытуға мүдделі

Қазақстан Еуроодақ елдерімен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтіп, оны одан әрі дамытуға мүдделі.

Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының отырысын өткізді.

Жиынға Одаққа мүше елдердің еліміздегі Елшілері мен мемлекеттік органдар және ұлттық компаниялардың басшылары қатысты. Жыл басынан бері Қазақстан мен кәрі құрлық елдері арасындағы тауар айналымы 20,1 млрд доллар болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 51,2%-ке  көп. Шетелдік инвестициялардың елге келуі де біршама артты. Ендігі мақсат экономикасы берік мемлекеттермен байланысты нығайту. Жиында премьер-министр Еуроодақ Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіне қызығушылық танытып отырғанына тоқталып, оларды серіктес болуға шақырды. Сонымен қатар отырыста пайдалы қазбаларды өндіру, инвестициялар тарту, өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу талқыланды.