Мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша 254 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша 254 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

Жыл басынан бері қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша 254 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді.

Шілде айында республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша жәрдемақыға 28,8 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік қолдауға 8,6 млрд теңге бөлінді. 1 тамыздағы дерекке сай, елде  мүгедектік бойынша жәрдемақы алушы 530 мың адам бар, оларға төленетін көмек көлемі орта есеппен 54 мың 339 теңге. Асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатын 179  мың адамға ай сайын 47 мың 763 теңге төленеді.

МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ

Төленді - ₸254 млрд

Шілде – ₸37,4 млрд

ЖӘРДЕМАҚЫ АЛУШЫ/1 тамыз 2022 ж.

Мүгедектік бойынша

530 мың адам - ₸54 339

Асыраушысынан айырылу бойынша

179,4 мың адам - ₸47 763