Маңғыстау облысында материалдар қымбаттап, қаржыландыру тоқтады

Маңғыстау облысында материалдар қымбаттап, қаржыландыру тоқтады

Қазақстанда 1200-дей құрылыс нысанының жобалық-сметалық құжатын қаржыландыру тоқтап тұр. Оның ішінде Маңғыстау облысында жүзеге асып жатқан жобалар бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты баста қаралған қаржыға түзетулер енгізіліп жатыр. Құрылыс компаниялары жобалардың қашан бітетінін білмей дал. «Егер бюджет ақшасын биыл игермесек, келер жылы қаржы ала алмаймыз » -дейді олар. Сондықтан, құзырлы министрлік пен мемлекеттік органдардың басшылары  мәселеге бей-жай қарамаса деген өтініш айтады.  Олар бұл проблеманы Мәжіліс депутатының алдында көтерді. 

Самат Мұсабаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

- Біраз жерде құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Біздің Маңғыстауда 80 процентке. «AMANAT» партиясының бақылауында тұрған Мұнайлы ауданындағы ауруханаға бардық. 100 пайызға тоқтап тұр. Объекті корректировкаға кеткен. «Қошқар ата» көліне бардық. Ол да сондай жағдай, бірнеше айға созылып кеткен және де. Осы жылға млрдтаған ақша бөлініп тұр ғой. Егер ол игерілмей қалса келесі жылға қаражат бөлінбейді. Мәселені енді Парламент қабырғасында көтеретін боламыз.