Солтүстік Қазақстан облысында «Даласы қазыналы Қызылжар» республикалық слёті өтті

Солтүстік Қазақстан облысында «Даласы қазыналы Қызылжар» атты мал өсірушілердің республикалық слёті өтті. Оған еліміздің түкпір – түкпірінен 500 – ге жуық ауыл еңбеккері жиналып, маңызды мәселелер талқыланды. Шара барысында үздік мамандар марапатталып, ауыл шаруашылығы көрмесі ұйымдастырылды.

Бұл Солтүстік Қазақстан облысындағы ең заманауи тауарлы – сүт фермаларының бірі. Қазір мұнда Австрия, Германия елдерінен алынған 400 сиыр бар. Олар озық қондырғыларда сауылады.

Олжас Бектасов, "Қызылжар - Сүт" ЖШС директоры:

- Бүгінгі таңда біз күніне 10 – 11 тонна сүт сауамыз. Шикізат Петропавлдың қайта өңдеу зауыттарына тапсырылады. Енді сиыр санын 600 басқа дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Өңірде жыл сайын кемінде осындай 10 фермадан іске қосылады. Бұл қайта өңдеу саласын сапалы шикізапен қамтып, азық – түлік қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік береді.

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

- Бізде бүгінгі күні 31 инвестік жоба жүзеге асып жатыр. Бұның барлығы да құны 74 млрд теңге. Оның ішінде жаңағы айтқан 17 сүт – тауарлы фермалар, бордақылау алаңдары, 3 құс етін шығаратын фабрикаларымыз үшеуін салып жатырмыз біз.

Осындай тың жобалар мал өсірушілердің республикалық слётінде талқыланды. Онда жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі мен асыл тұқымды мал аукционы өтті. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Бұл жерде өз шаруашлықтарының «мен - мен» деген ірі қаралары тұр. Мысалы, ангус тұқымдас мына бір бес жасар бұқа бір тонна тартады. Оның аукциондағы құны 2 млн теңге.

Шараға ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қатысты. Жиын барысында саланың үздік мамандары түрлі марапатқа ие болды.

Біржан Шәймерденов, кәсіпкер (СҚО):

- Біз бүкіл қызықты, тәтті, әдемі сөздерді бәрін малдан аламыз. Құлыншағым деген сөз, ботақаным деген сөз балапаным деген сөз осының бәрі мінекей сол малдың арқасында.

Қанат Зорбаев, кәсіпкер (Жетісу облысы):

- Бұл ауыл шаруашылығының еңбек жұмысы деген өте ауыр жұмыс оңай емес. Сол 1996 жылдан бері сол еңбектеніп келе жатырмыз ауыл шаруашылығы саласында, мал шаруашылығында.

Республикалық слёт қатысушылары ашық аспан астында концерт көріп, палуандар мен шабандоздардың өнерін тамашалады.  

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев